- Мұражай экспозициясына шолу және тақырыптық экскурсиялар өткізу.
- Мұражай және мұражайдан тыс өлкетану тақырыптарына байланысты лекциялар оқу және жылжымалы көрмелер ұйымдастыру.
- Мекеме, ұжымдардың мұражайларына тақырыптық–экспозициялық жоспарын құру және экспозициясын жасау.
- Мұражайтану тақырыптарына байланысты семинарлар, тренингтер өткізу.
- Мәдениет, білім беру салаларының өкілдерімен, қоғам қайраткерлерімен, тарихи оқиғалар куәгерлерімен кездесулер ұйымдастыру және өткізу.
- Жеке тұлғалар, суретшілер т.б. шығармашылық, мерейтойлық көрмелерін және қолөнер шеберлерінің жәрменкелерін ұйымдастырып өткізу.
- Мұражайдың қызметінің маңызды жаңалықтары (көрмелер ашылу, қордың жаңа түсімдері, құнды жәдігерлерімен фотоқұжаттар, экспедициялардың нәтижелері т.б. тақырыптар) жайлы радио, телеарналарға, газет, журналдарға әртүрлі ақпарат беру.
- Антикварлық бағалы заттарға тарихи сипаттама беріп ақылы кеңес көрсету.
- Мұражай жәдігерлерін суретке түсіру және тарихи фотосуреттердің, құжаттардың көшірмелерін түсіру.
- Мұражай экспозициясы бойынша бейне таспаға түсіру.
- Өлкетану тақырыптары бойынша видеофильмдерді жалға беру.
- Қалада және облыс көлемінде Шымкент-Сайрам, Шымкент-Шәуілдір-Түркістан жол бағдарым бойынша экскурсиялық қызмет көрсету.
Оқу орындарын, мекемелерді және жеке тұрғындарды ынтымақтастыққа шақырамыз.