Этнография залы

 

Этнография залында оңтүстік өңірде өмір сүрген халқымыздың тұрмысы, өнері, діни нанымдары тұрмыста пайдаланған құрал-жабдықтары, қолөнері көрсетілген. Оның ішінде мал, егін шаруашылығында, аңшылықта пайдаланылатын құрал-жабдықтар, ағаштан, темірден, жүннен жасалған түрлі тұрмыстық бұйымдар, зергерлік әшекей заттар, қазақтың негізгі баспанасы болған киіз үй қойылып отыр.