1989 жылы ашылған Саттар Ерубаев мемориалдық мұражайы 1995 жылы Саттар Ерубаев атындағы әдеби-мәдени мұражайы болып қайта құрылды. Мұражай орналасқан ғимарат ХХ ғасырдың басында күйдірілген кірпіштен салынған архитектуралық ескерткіштер қатарына жатады.
Саттар Ерубаев залында ақынның өмірбаяны, жас кезіне байланысты сыныптастарының, достарының, ақын, жазушылардың естеліктері, кітаптары орналастырылған.
Келесі зал экспозициясы Түркістаннан шыққан ортағасыр ұлы тұлғаларына, ақын- жазушыларға, ғалымдарға, мәдениет қайраткерлерімен өнерпаздарына арналған. Атап өтсек, қыл қалам шеберлері, Түркістаннан шыққан сазгерлер, ақын-жазушылар С.Елеуов, Б.Сердалы, Ахмет Төреқұлов, Мәрия Мерешова, А. Досжанов туралы, ғұлама ғалымдар – Р.Бердібаев, қоғам қайраткері, батырлар, еңбек ерлері, спортшымыз – Х.Аққалиев туралы экспонаттар жинақталды.
Мұражай қызметкерлері халқымыздың тарихынан сыр шертетін атадан балаға мирас болып келе жатқан мәдени мұрамызды насихаттау барысында, дәстүрлі жұмыс түрлерін яғни, экскурсиялық және ақпараттық қызмет көрсету, лекциялық сабақтар өткізу, көрмелер мен мәдени іс-шаралар ұйымдастыру арқылы жұмыс атқарып келеді.
Жалпы ауданы 335,4 шаршы метр. Жалпы ауласының алаңы 1573,8 шаршы метр.
Мұражай қорында 2114 жәдігер тіркелген. Оның негізгі қоры 567, ғылыми көмекші қор 1547.
Мекен – жайы: