Сарыағаш аудандық тарихи-өлкетану мұражайы

 

Сарыағаш ауданында 2004-2006 жылғы Қазақстан Республикасының  «Мәдени мұра» бағдарламасына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, ОҚО әкімдігінің 2006 жылғы 28 шілдегі № 281 қаулысымен «Сарыағаш  аудандық тарихи-өлкетану мұражайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны құрылып, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 4 тамыз 2006 жылғы № І-265ө өкімімен «Сарыағаш  ауданының тарихи-өлкетану мұражайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының мемлекеттік басқару органы болып белгіленген. Әділет басқармасынан 2007 жылы 30 қаңтарда тіркеуден өткен. Кейбір мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 24 мамыр 2007 жылғы №188 санды қаулысымен «Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи өлкетану мұражайы» мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорны, оған «Сарыағаш ауданының тарихи-өлкетану мұражайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын қосу арқылы қайта ұйымдастырылды. Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Сарыағаш филиалы болып жұмыс атқарып келеді.

Мұражай экспозициясы көне тарих, кеңес кезеңдері аудан тарихы  және табиғат бөлімдеріне бөлінген. 

Мұражай қызметкерлері тұрақты түрде аудан аумағында орналасқан ауыл округтері аппараты және жеке тұрғындармен байланыс нәтижесінде қор құрамын жаңа жәдігерлермен толықтыру шараларын атқарады. 

Мұражайдың жалпы ауданы 125,2 шаршы метр, оның 62,5 ш.м. экспозиция ауданы, ал 62,5 ш.м. қор сақтау бөлімі орналасқан. Мұражай қорына барлығы 1504 жәдігер тіркелген.

 

Мекеменің мекен-жайы:

Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарыағаш қаласы
С.Исмайлов көшесі 37
Телефоны: 8 (725-37) 2-32-69.