Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасымен данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлына арналып 2009 жылдың 22 қыркүйегінде Шымкент қаласындағы, Абай саябағынан музей ашылды.
Хакім Абай музейінің ашылу салтанатына 2009 жылы 22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев келіп, алғашқы көрермені ретінде жаңа ашылған музеймен танысып, өзінің оң бағасын берді. Сондай-ақ бұл салтанатқа облыс әкімі, қала басшылары, зиялы қайуым өкілідері, мәдениет саласының қызметкерлері және жергілікті абайтанушы ғалымдар қатысты.
Хакім Абай музейі қалалық білім бөлімімен және жоғары оқу орындарымен іс-шаралардың жоспарын түзіп, осы жоспарларға сәйкес музей қабырғасында әр түрлі іс-шаралар өткізеді. Музейде өткен іс-шаралардың барлығы Абайдың ақындық және хакімдік мұрасын халық арасында кеңінен насихаттау, жастардың Абай туралы ой-өрісін кеңейту, Абай шығармашылығын насихаттау, жастар арасында отансүйгіштік сезімді арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау мақсатында өткізеді.
Оқушыларға Абайдың ұлылығын жан-жақты таныта білу, асыл қазына шығармаларын түсініп оқу, өлеңдерінің өміршеңдігін, маңызын түсіндіру, адам бойындағы асыл қасиеттерді танып білуге, достыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке, адалдыққа адамгершілікке, өнерге деген құштарлығын оятуға тәрбиелеу мақсатында музей қызметкерлері қала мектептерімен жұмыс атқарды. Оқушыларға арналып экскурсиялар жүргізілді, бейнефильмдер көрсетіліп, лекциялар оқылады, сондай-ақ Абайдың шығармашылығына арналып ашық сабақтар өткізіледі.
Хакім Абай музейі 5 залдан: Абай заманы, Мәжіліс залында, Хакім Абай залында, Абайтану залында, Галерея залында және дәлізден тұрады.
Хакім Абай музейінің қызметкері жүргізген жинақтау жұмыстары арқасында, қаламыздағы белгілі абайтанушы, ақын-жазушылардан музейге сый ретінде алынған кітаптар Хакім Абай музейінің негізгі қорына алынды. Сондай-ақ отандық газет, журналдардан Абай Құнанбайұлы жайлы «Қазақтың бойтұмары», алаш арыстары туралы: «Қазақ пен Айқап»-егіз басылым», «Мағжан және дүния әдебиеті», «Шәкәрім мұрагері»; «Төле би туған жерден түлеп ұшқан», «Әбілқайыр ханның туғанына 320 жыл», Шәмші Қалдаяқов жайлы «Сәтті фильмнің тұсаукесері» атты мақалалар жинақталды. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Абайтану» ғылыми-оқу орталығымен тығыз байланыста ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Мұражайдың жалпы көлемі 490 шаршы метр, оның ішіндегі 245 шаршы метр экспозиция залы.