«Бабалар аманаты бірлікте»

 

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ОҚО тарихи-өлкетану мұражайында  Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай  «Бабалар аманаты бірлікте» атты көрме жасақталды. Көрмеде Қазақ Хандығы тұсында ел билеген хандар, билер, батырлар, құжаттар, карта, фотосуреттер мен қатар халқымыздың қолданған тұрмыстық-этнографиялық жәдігерлері қойылды. Сонымен қатар Оңтүстік өңірінде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт пен ұлыс  өкілдерінің суреттері, ұлттық киімдері, тұрмыс-тіршілігінде пайдаланылған заттары көрсетілді.