04.06.2015 - 04.07.2015
2015 жылдың 4-ші майсымда Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне арнап «Мемлкеттік Рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты көрме жасақтады.
Мемлекеттік рәміздер егемендік алғаннан кейін 1992 жылы 4 маусым күні қабылданған болатын.
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран - тәуелсіздігіміздің тұмары. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді.

