«Отырар қазақ хандығы тұсында»

 

19.03.2015 - 19.04.2015 

 

2015 жылдың 19-шы  наурыз күні сағат 10.00–де Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған Отырар Мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы және ОҚО тарихи-өлкетану мұражайы қорынан  жасақталған «Отырар Қазақ хандығы тұсында» атты жылжымалы көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде Отырар Мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы және облыстық мұражай қорында сақтаулы  Отырартөбе, Қоңыртөбе, Құйрықтөбе, Көкмардан қалашықтарында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған артефактілер  және  ел арасынан жинақталған, өткен  тарихымыздың бүгінге жеткен заттай дәйектемелерінен тұратын жәдігерлер көрсетілді.

 

Галерея