25-29 қаңтар аралығында «Арман» гимназиясында «Тарих, география, құқық апталығы» өткізілді. Апталық аясында мектепте көптеген іс-шаралар, кездесулер өтті. Солардың бірі белгілі ғалым, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының директоры Б.Байтанаевпен және облысымыздың археология саласындағы зерттеулерге өз үлестерін қосып жүрген ОҚО тарихи-өлкетану музейінің археология бөлімінің қызметкерлері.
29 қаңтарда апталық өз мәресіне жетті. Осы орайда ОҚО тарихи-өлкетану музейі осы мектепте жылмалы көрме ұйымдастырып, өлкеміздің тарихи және сәулет ескерткіштері жайлы лекция оқып, деректі фильмдер көрсетті.
Көрмеде Ханқорған ортағасыр қаласында 2015 жылы жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған ОҚО музей қорының құнды жәдігерлер қатарына қосылған қыштан жасалған бұйымдар: құмыралар, шырағдандар, саптыақтар көрсетілді. Сайрам ауданында орналасқан Ханқорған қалашығы тарихи деректер бойынша Абылайханның оңтүстік ордасы болған. Сонымен қатар, оқушыларға TVK арнасында көпшілік қызығып көретін бағдарламаларының бірі белгілі журналист, тарихшы А.Гончаровтың «Открытая Родина» авторлық бағдарламасы аясында Ханқорған және Күлтөбе қалашықтары жайлы түсірілген деректі фильмдер ұсынылды.
Галерея