2015 жылдың 4-ші желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Ақмола облыстық мәдениет басқармасымен бірлесіп Қазақ хандығының тарихымен байланысты құнды жәдігерлерді насихаттау мақсатында шығарылған «Ғасырлар аманаты» атты фотобейнеальбомның тұсаукесер рәсімі өткізілді.
Акцияға Қазақстан Республикасының 16 аймағының жетекші музейлері қатысты. Акцияның эстафетасын Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қабылдады.
Іс-шараға ОҚО мәдениет басқармасының басшысы К.С.Айдарбекова және Көкшетау қаласынан келген делегация: Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы С.Б.Бөрібаева, Ақмола облысы мәдениет басқармасының бөлім басшысы Ғ.Ә.Ташкина, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры К.Ж.Мұқышев, Мәлік Ғабдуллин атындағы музей директоры Қ.Р.Мырзабек, Әдебиет және өнер музейінің директоры Н.Ж.Нұралин, Қөкшетау қаласының тарих музейінің директоры Б.Ж.Ғабдуллина, І.Есенберлин атындағы әдебиет музейінің меңгерушісі Ұ.Д.Қомбатурова, Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының директоры М.Қ.Жақыпова, «Көкшетау» мәдениет сарайының директоры К.Ә.Бәләлова, Ақмола облыстық халық шығармашылық орталығының директоры Б.А.Шахманов, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің суретшісі Н.Т.Әзбаев, Ақмола облыстық филармониясының солисі Сәрсенов Сәрсенбай қатысты. Іс-шара қонақтарына Ж.Шанин атындағы қазақ драма театры әртістерінің қатысуымен облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспозициялық залдары бойынша театрландырылған экскурсия жүргізіліп, музейлік раритеттер туралы бейнефильм көрсетілді.