2015 жылдың 20-шы қараша күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Ынтымақ» Оңтүстік Қазақстан этносаралық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі және облыстық жас туристер станциясымен бірлесіп «Ассамблея – этносаралық келісімнің үлгісі» атты іс-шара өткізді.
Мақсаты: қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген, елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болған Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығында жас буын жеткіншектерді бірлікке, татулыққа шақыру; Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығының төрайымы Төлепова Гаухар Уалиханқызы, облыстық жас туристер станциясының директоры Омирбаева Сауле Омирсерикқызы, т.ғ.д., Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университетінің аға оқытушысы Жақаш Досмухамед, корей этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ким Елена Александровна және «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының курс тыңдаушылары, ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері қатысады. Іс-шара барысында Б.Мейрбеков атындағы Балет мектебінің бишілері, «Әжелер» ансамблі, Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университетінің студенттері және түрлі этномәдени бірлестіктері өз өнерлерін көрсетті.