Облысымыздың тарихын жастарға таныту және мұражайдағы құнды жәдігерлерді насихаттау мақсатында 2015 жылдың 22 қазан күні ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының сұранысы бойынша «Тұран» талантты жастар одағымен бірлесіп облыстық мұражайда «Мұражайдағы түн» акциясы өтті. Акцияға қатысқан студенттерге мұражай экспозициясы бойынша тақырыптық экскурсия жүргізілді және Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып жасақталған «Тарих тоғыстырған түрлі ұлт» атты көрмемен танысып, деректі фильм көрсетілді.