Тараз қаласындағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ ауылы» қазақ киіз үйлерінің көрмесі

 

Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ әлемі» атты тарихи-этнографиялық мерекелік шара аясында халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын көрсететін «Қазақ ауылы» қазақ  киіз үйлері тігілді. Осыған орай, киіз үйлерді қажетті жабдықтармен безендіру үшін Оңтүстік Қазақстан облысы атынан облыстық мұражайы қорындағы бірегей тарихи-этнографиялық жәдігерлер қойылды. Киіз үй ішінде жүздеген материалдық ескерткіштердің ішінде өзінің бойындағы ақпаратымен ерекше, құнды және бірегей жәдігеріміздің бірі Кенесары Қасымұлының қылышы, қазақ халқының үздік этнографиялық коллекциялары (аяққаптар, қоржындар, шашбаулар, басқұрлар, кілемдер, алашалар), ер-тұрман ат әбзелдерімен, ұлттық киімдер, музыкалық аспаптар, қазақ батырларының қарулары мен сауыт-дулығалары ұсынылды. Көрмеде ұсынылған жәдігерлер оңтүстік өңірінде өмір сүрген халықтардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен өмір салтынан мол дерек береді.

 

Галерея