Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Тұлғалы мемлекеттің тұғырлы жеңісі» іс-шарасы

 

2015 жылдың 8-ші  маусым  күні сағат 11.00-де Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының мәжіліс залында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған  «Тұлғалы мемлекеттің тұғырлы жеңісі» атты іс-шарасы  өтті.

Іс-шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру, Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың,  Жеңісті көре алмай кеткен боздақтардың рухына бас ие отырып, Отан үшін от кешкен батырларымыздың ерлігін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ету, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Іс-шараны Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәуленқұлов Жеңісбек Мәуленқұлұлы ашты.
Іс-шараға арнайы шақырылған Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен тыл ардагерлері қатысты.

№99  мектеп-гимназиясының оқушылары мен М.Тынышбаев атындағы ҚазККАШК колледжінің студенттерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Іс-шара қонақтары көрме залында орналасқан ОҚО тарихи-өлкетану мұражайының қорынан жасақталған «Ұлы Жеңіске мың тағзым» атты тақырыптық көрмемен танысты.
Іс-шара барысында мұражай директоры Г.С.Аренова естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар тапсырды.

Аталған іс-шараға әскери бөлімнің сарбаздары, Б.Момышұлы атындағы әскери мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, мұражай қызметкерлерімен қала тұрғындары қатысты.

 

Галерея