Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай жасақталған «Азат елдің ар-намысы-Ата Заң» атты іс-шара
2015 жылдың 28-ші тамыз күні сағат 11.00–де Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай жасақталған «Азат елдің ар-намысы-Ата Заң» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі межеге биыл 20 жыл толып отыр.
Осыған орай облыстық мұражайда «Азат елдің ар-намысы-Ата Заң» атты көрме жасақталды. Көрмеде ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған, бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған, өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билерінен бастап 1937 жылғы алғаш Коституцияның қабылдануы, 1978 жылғы және Тәуелсіздік жылдары қабылданған Ата Заңымызға байланысты фотосуреттер, құжаттар қойылып отыр. Сонымен қатар, оңтүстік өңірінде сот саласында жұмыс жасаған ардақты ардагерлеріміз Ж.Шойбекова, Ж.Төребекова, Ө.Темірханұлы т.б. жеке кешендері қойылған.
Іс-шараға ОҚО Мәдениет басқармасының бастығы Айдарбекова Күлия Смайылханқызы, «Нұр Отан» ХДП партиясының Әл-Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есімова Баян Камилқызы, ОҚО облыстық Ардагер судьялар Кеңесінің төрағасы Теміров Өмірбек Темірұлы, ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары - Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы қатысты.
Іс-шараға Шымкент қаласындағы ЖОО және колледждердің мұғалімдері, студенттер, мұражай директорлары қатысты.