Мұражай ЮНЕСКО-ның ИКОМ Қазақстан ұйымының құрамына кірді. Нәтижесінде, мұражай Халықаралық ұйымға мүшелікке қабылдануымен қатар, ИКОМ ұйымдастыратын конференцияларға, фестивалдерге, ғылыми-практикалық семинар-форумдарға, іс-шараларға қатысу мүмкіндегіне ие болды. Атап айтар болсақ, Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өткен Ресей Федерациясы Мәдениет Министрлігі, ИКОМ Ресей және ИКОМ Қазақстан бірлесіп өткізген «Интермузей 2014» Халықаралық мұражайлар фестиваліне Қазақстанның атынан біздің мұражайдың қатысуы мәртебе, үлкен жетістік мұражай қызметінің табысы деп білеміз. Онда ТМД мемлекеттерінің мұражайлары арасында ынтымақтастық келісімге қол қойылды. Фестиваль барысында мұражайлар бір-бірімен іс-тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи технологияларды қолдана отырып, музей қызметін дамытуға бағытталатын виртуалды мұражай, мұражай экспозициясында аудиовизуалдық, мультимедиялық технологияларды тәжірибеде қолданылуын көріп, танысу мүмкіндігіне ие болды.