2014 жылдың 12-ші желтоқсанында облыстық тарихи-өлкетану мұражайының конференция залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты мерекелік іс –шара өткізілді.
Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін шоқтығы биік тұрған мереке. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде жыл сайын аталып өтілуде. Тәуелсіздіктің келуімен бірге тарихта жас, егеменді елдің жаңа дәуірі басталды. Тарих үшін қас-қағымдай болған 23 жылдың ішінде Қазақстанның айрықша даму тәжірибесі қалыптасты. Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі.
Аталған іс-шараға «Нұр Отан» ХДП Әл-Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары-Есимова Баян Камилқызы, облыстық «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығының төрайымы Төлепова Гаухар Уалиханқызы, Желтоқсан оқиғасының куәгерлері Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің аға оқытушысы Ермекова Раушан Сматуллақызы, Сәбит Исабеков, Мұратбек Шекербеков, Беглан Әбдіқаев және «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының мұғалімдері, №35,58 жалпы орта мектебінің оқушылары, «Шымкент» университетінің студенттері, 6698 әскери бөлімінің сарбаздары арнайы шақырылған. Іс-шара қонақтарына «Тәуелсіздік шежіресі» фильмі, жаңа мұражайдың экспозициясына шолу экскурсиясы және мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасы ұсынылды.

