Г. Н. Потатин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен мұражай қорындағы бірегей жәдігерлерден жасақталған «Тарихты тербеткен шежіре» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты

 

2014 жылдың 30 маусымы  Г. Н. Потатин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен мұражай қорындағы бірегей жәдігерлерден жасақталған «Тарихты тербеткен шежіре» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі  өтті.

Көрмеде археологиялық нысандар, архитектуралық ескерткіштер, т.б. өлкеміздің табиғатын бейнелейтін фотосуреттер,  тұрмыстық, зергерлік бұйымдар  сондай-ақ заманынан озып туған дарын иелерінің, өнердегі ұлы тұлғалар мен халқымыздың дара перзенттерінің тарих беттерінде қалған іздері, ғылымда, өнерде қол жеткізген табыстары, тарихи құнды деректері туралы құжаттары (комплекстері), жалпы 335 дана жәдігер көрініс табады.

Көрме Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының өлкеміздегі мәдени, тарихи және ғылыми құндылықтарды және ата-бабамыздан қалған мұраларды сақтаудағы, сондай-ақ, халқымыздың материалдық ескерткіштері мен рухани мәдениетін зерттеудегі көп жылдық ізденіс жұмыстарының нәтижелері.