2013 жылдың 17-ші мамыры күні «Көркемсурет» галереясында 18 мамыр Халықаралық мұражайлар күніне арналған ОҚО мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Мұражайлар шеруі» байқауының қорытындамасы мен Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен облыс мұражайлар қорынан жасақталған құнды жәдігерлер аясында «Асыл мұра» экспозициялық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Оңтүстік өңірі мұражайлары қорынан жасақталған «Асыл мұра» экспозициялық көрменің мақсаты - көне тарих пен бүгінгі Оңтүстік өңіріндегі тарихи құндылықтар мен мәдениеті, әр кезеңдегі тарихи өзгерістерге байланысты жәдігерлер мен табиғаты жайында толықтама деректеме ретінде ұсынылып отыр. Көрме мұражай қызметкерлерінің ғылыми ізденістері мен ерен еңбегін экспозициялық қойылымдар арқылы айшықталуда.
Іс шараға облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен облыстық мұражайлардан «Мұражайлар шеруі» байқауына қойылған құнды жәдігерлер көрермендер назарына ұсынылды. «Мұражайлар шеруі» байқауына қатысқан облыстық мұражайлардың арасынан жеңіске қол жеткізген ұжымдарды арнайы гармоталармен, Алғыс хаттармен, дипломдармен, сыйлықтармен марапаттау рәсімі өткізілді.