Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» мақаласында облыстар арасында ақпараттар және мәдени жетістіктер алмасуды күшейту үшін өзара «облыс аптасын» өткізу жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай, 2013 жылдың 15-19 сәуір аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Жамбыл облысындағы мәдениет күндеріне байланысты «Қазыналы Оңтүстік» апталығы өткізілді. Осы іс-шара аясында ОҚО тарихи-өлкетану мұражайы қорындағы құнды жәдігерлерінен жасақталған «Шырайлы Оңтүстік шежіресі» атты жылжымалы көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді.